Бразилия құрамасының екі ойыншысы әлем чемпионатының қалған ойындарына қатыса алмайды
Бразилия құрамасының екі ойыншысы әлем чемпионатының қалған ойындарына қатыса алмайды
541
оқылды
Бразилия құрамасы мен Лондонның "Арсенал" командасының шабуылшысы Габриэл Жезус Қатардағы әлем чемпионатының қалған ойындарына қатыса алмайды. Бұл туралы инсайдер Фабрицио Романо хабарлады.  25 жастағы Жезус топтық кезеңнің үшінші кездесуінде Камерун құрамасына қарсы кездесуде жарақат алып қалды. Шабуылшының бұл жарақаты ауыр екен. Осылайша ол енді қалған кездесулерге қатыса алмайды. Сонымен қатар инсайдер Бразилия құрамасының қорғаушысы Алек Теллестің де жарақаты бар екенін айтты. Ол үшін де Қатардағы әлем чемпионаты аяқталды. Айта кетейік, Габриэл Бразилия құрамасында 59 кездесуге қатысып, 19 гол соққан.