Нидерланд құрамасы АҚШ-ты жеңіп, ширек финалға шықты
Нидерланд құрамасы АҚШ-ты жеңіп, ширек финалға шықты
603
оқылды
2022 жылы Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалының алғашқы ойыны аяқталды. Нидерланд мен АҚШ арасындағы ойын Дохадағы Халифа стадионында өтті. Ойынның 90 минутында 3:1 есебімен Нидерланд құрамасы жеңіске жетті. Бірінші таймда Дензел Дюмфрис алдымен Мемфис Депайға (10'), содан кейін Дэйли Блиндке (45+1') асист жасап, гол соғылды. Кездесудің 76-минутында қосалқы құрамнан алаңға шыққан америкалық Хаджи Райт гол салғанымен, бес минуттан соң Дамфрис екі нәтижелі пасқа гол қосып, қорытынды нәтиже 3:1 болды.