Астанадағы Barys City тұрғын үй кешенінде өрт болды
Астанадағы Barys City тұрғын үй кешенінде өрт болды
502
оқылды
Астанадағы «Barys City» тұрғын үй кешенінде өрт болды. Екінші қабаттағы пәтердің балконы жанған. Елордалық ТЖД баспасөз қызметі мәлім еткендей, Өрт сөндіру қызметіне бүгін сағат 08:28-де Тұран, 46 а даңғылындағы «Barys City» тұрғын үй кешенінде өрт болып жатқаны туралы хабар келіп түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер екінші қабаттағы пәтердің балконы жанып жатқанын анықтады.
«Қатты түтін болды. Жедел және үйлесімді іс-қимылдың нәтижесінде құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялауға кірісті. 16 адамды эвакуациялады. Оның 6-ауы – бала. Сағат 09:10-да өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. Өрт 20 шаршы метр аумақты шарпыған. Өртті сөндіруге 12 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды», - деп хабарлады Астана қалалық ТЖД баспасөз қызметі.