Ақмолада жолдағы кемшіліктер анықталып жатыр
Ақмолада жолдағы кемшіліктер анықталып жатыр
Ақмола облысында 100 миллион теңгеге жуық субсидия ұрлығы анықталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
"Ауыл шаруашылығы саласындағы шаруаларды арзандатылған бағамен дизель отынымен қамтамасыз ету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Мұндай жұмыстар субсидиялау саласында да жүргізілді. Тек жұмыстың бір түрі бойынша ғана 100 миллион теңгеге жуық қаржы жымқырудың қылмыстық схемасы анықталды", – деді жұма күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық департаментінің басшысы Арман Рахымов.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бастамасымен «Kokshe» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы Бурабай ауданындағы жайылымға арналған, бұрын пайдаланылмаған 11 жер телімін мемлекет меншігіне қайтарды.
"Қабылданған шаралар аудандағы жер тапшылығын және әлеуметтік шиеленісті ішінара азайтуға мүмкіндік берді", – деді жергілікті «антикор» басшысы.
Тұрғындардың арыз-шағымдары бойынша жалпы құны 3 млрд теңгеге жуық Ерейментау-Еркіншілік-Аршалы жолының орташа жөндеу сапасына қоғамдық мониторинг жүргізіліп, өрескел бұзушылықтар анықталды. Мысалы, алынған 29 сынаманың 25-і нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келмеген.
"Жүргізілген жұмыстардың арқасында мердігер жолдың барлық сәйкес емес учаскелеріндегі жабын қабатын толығымен ауыстырып, кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деп қосты Рахымов.