Кіші Талдыкөл ісіне қатысты жаңа деректер анықталып, үкім өзгерді
Кіші Талдыкөл ісіне қатысты жаңа деректер анықталып, үкім өзгерді
8,643
оқылды
2022 жылғы 2 желтоқсанда Астана қалалық соты Кіші Талдыкөлге қатысты елордалық әкімшілік сот шешімін өзгертті. «Aqiqat» корпоративтік заңгерлер коалициясы жергілікті атқарушы органның (бұдан әрі – ЖАО) әрекетсіздігін заңсыз деп тану және Кіші Талдыкөл көлдер тобындағы су қорғау аймақтары мен белдеулерін мәжбүрлі белгілеу, сондай-ақ уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру туралы және су қоры жерлерін елді мекен жерлеріне беру туралы сотқа талап-арыз берді. Талапқа «Кіші Талдыкөл» көлдер тобы су объектілеріне жататындығы, олардың айналасында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қажет екендігі түрткі болды; су қорынан жер телімдерін беруге жол берілмейді. 2022 жылғы 11 шілдеде елорданың әкімшілік соты елорда әкімдігінің «Кіші Талдыкөл» көлдер тобында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілемеу әрекетін заңсыз деп танып, учаскелерде су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеуді бұйырды. Көлдің № 6, 7, 9 су қоры жерлерiн елдi мекен жерi санатына жатқызу» № 6, 7, 9 көлдер учаскелерiн елдi мекен жерiне беру бөлігі заңсыз деп танылып, жойылды. Апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы сот белгілеген мән-жайларды және оның қорытындыларын ішінара дұрыс деп таныды. Сонымен, «Кіші Талдыкөл» көлдер тобы су объектісі болып табылады, сондықтан су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу заң шығарушы белгілеген жергілікті атқарушы органның міндеті. Алайда әкімдік бұл әрекеттерді қолданбай, елді мекен ретінде жерлерді беру кезінде тәртіп бұзылған. Сонымен бірге, сот актісін өзгертуге істі апелляциялық тәртіпте қарау кезінде әкімдік мамандардың 2022 жылғы 8 шілдедегі жаңа қорытындысын ұсынғаны себеп болды. Бұл қорытынды бірінші сатыдағы соттың зерттеу нысанасына жатпайды, сот оған құқықтық баға бермеді. Жаңа қорытынды бойынша – № 6 су қоймасы толып, № 9 нысанның асты кеуіп жатыр. Су қоймасын № 7 көл астында қалдырып, жер асты суларының келуін қалпына келтіру үшін міндетті түрде тереңдету жұмыстарын жүргізу ұсынылды. Қорытындыны көрсетілген сала бойынша арнайы білімі бар мамандар (гидролог, инженер-гидрогеолог, эколог-аудитор) шығарды. № 6, 9 көлдердің жер телімдерінде қазіргі уақытта көп пәтерлі тұрғын үй кешендерін, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар нысандарды салу бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Алқа мамандардың жаңа қорытындысын ескере отырып, тек № 7 су қоймасына қатысты су қорғау аймағын белгілеуді пропорционалды деп санады, сол арқылы әкімшілік рәсімге қатысушылардың әділ тепе-теңдігін қамтамасыз етті.