Месси әлем чемпионатында рекорд орнатты
Месси әлем чемпионатында рекорд орнатты
Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси әлем чемпионаттарының матчында «Үздік ойыншы» атағын сегізінші рет жеңіп алып, рекорд орнатты. Л.Месси 1/8 финалда Аустралиямен өткен бәсекеде шебер өнер көрсетіп, «Үздік ойыншы» атанды. Ол бұл кездесуде мергендік танытып, есеп ашты. Бұған дейін Месси әлем чемпионаттарында жеті мәрте «Үздік ойыншы» атағына қол жеткізген еді. Осылайша, Месси сегізінші рет үздік атанып отыр. Бұған дейін ешкім MVP мүсінін сегіз мәрте алған емес.