Екібастұз қаласының әкімі қалада әлі 11 көпқабатты үйдің жылусыз тұрғанын айтты

Екібастұз қаласының әкімі қалада әлі 11 көпқабатты үйдің жылусыз тұрғанын айтты

Павлодар облысы Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин қалада әлі 11 көпқабатты үйдің жылусыз тұрғанын мәлімдеді.

Бүгінгі таңда бізде 11 тұрғын үй жылусыз күйде тұр. Бұл – 11 үйдің пәтерлеріне жылу берілмеген деген сөз. Бірақ, бұл жерде назар аударатын мәселе бар. Осы 11 көпқабатты үйдің жертөлесіне жылу жеткізілді. Қазір циркуляция бар. Ендігі алдымызда тұрған міндет – пәтерлер арасында жылу тасымалдайтын магистраль құбыр мен әр пәтердің регистріне жылу жеткізу. Қазір біздің бригадалар осымен айналысып жатыр, - деді қала әкімі өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.