Өтініш ескерусіз қалмайды
Өтініш ескерусіз қалмайды
Nur Otan партиясының Респуб­ликалық қоғам­дық қабылдау бөлме­сінде Энер­ге­тика минис­трі Нұрлан Ноғаев азамат­тар­дың өті­ніш-тілегін тың­дады. Министрмен тікелей эфир ар­қылы бірнеше өңірден тұр­­ғын­дар байла­нысқа шы­ғып, әр­қилы мәселелер бо­йын­ша сұрақ­та­рын қойып, өті­ніш­тері мен шағым­дарын да қоса жет­кізді. Атап айт­қан­да, электрмен жаб­дықтауға, ауызсу­мен қамтамасыз етуге, ин­фра­құрылымды дамытуға қатыс­ты мәселелермен жә­не басқа да қа­жеттіліктер бойын­ша көмекке жүгінді. Қоғамдық қабылдауға 11 аза­­­мат жазылды. Бұған дейін бір­неше рет қабылдауда бол­ған Любовь Зонова бұл жолы алғаш­қылардың бірі бо­лып министрмен жүз­десуге мүм­кіндік алды. Ол «Энергосбыт» ЖШС-нің жұмы­сына ша­ғымданды. Оның ай­туын­ша, аталған компания Үкі­мет­тің қаулысын бұза отырып, тұр­ғын үйге ақы төлеу үшін шот-фак­тураны заңсыз берген. Өз кезегінде министр Нұрлан Ноғаев «Астанаэнергосбыт» ЖШС бас директоры Алек­сандр Зинкевичке жағдайды нақтылап, осы мәселе бо­йын­­ша есеп беруін талап етті. Бел­сен­ді­лердің мәселесі тез арада шешілді.
– Тарифтерді белгілеу про­цесі уә­кілетті органдар қабыл­даған және бе­кіткен әдістеме бойынша анықталады. Тариф­­терді белгілеу кезінде түсін­беу­шілікке жол бермеу үшін қоғамдық тың­дау өткізі­ліп, онда азаматтардың пі­кір­лері қа­был­данады. Қоғам­дық тың­дау қорытындысы бойынша белгілі бір қыз­­меттерге тариф белгілеу туралы ше­шім қабылданды, – деді Нұрлан Ноғаев.
Қалған азаматтар министр­мен видеобайланыс арқылы тілдесті. Қарағандылық Сергей Обросов ойын алаңына 20 см тереңдікте электр то­гына рұқсат етілмеген кабель төселгені туралы ай­тып шағымданды. Ал Тараз қала­сының тұрғыны Асқарбек Айдаров Жам­был облысы әкім­дігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық ша­руашылық бас­қармасының жұмысына нара­зылығын біл­дірді. Қоғамдық қабылдауды қоры­тындылаған Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев азаматтардың барлық өтініші жан-жақты зерде­­леніп, мәсе­ле­лерді шешу жолдары бойынша тиісті іс-шаралар қол­ға алынатынын жеткізді.   Абылайхан ЖҰМАШ