Франция әлем чемпионатының ширек финалына өтті
Франция әлем чемпионатының ширек финалына өтті
FUSSBALL WM 2022 Achtelfinale Frankreich - Polen 04.12.2022 Frankreich Jubel nach dem Tor zum 1 - 0 mit dem Torschuetzen Olivier Giroud unten und Kylian Mbappe oben *** FOOTBALL World Cup 2022 Round of 16 France Poland 04 12 2022 France cheering after the goal to 1 0 with goal scorer Olivier Giroud below and Kylian Mbappe above
762
оқылды
Франция Польшаны жеңіп, Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына шықты. Дохадағы «Ат-Тумама» стадионында өткен кездесуде қазіргі әлем чемпиондары 3:1 есебімен ұтты. Матчтағы алғашқы голды Оливье Жиру соқты. Кездесудің 75-минутында Мбаппенің өзі гол соқты: 23 жастағы шабуылшы Осман Дембеленің пасын қабылдап, қақпаны дәл көздеді. Қосымша уақытта ПСЖ шабуылшысы дубль соғып, 2022 жылғы әлем чемпионатында бесінші голын соқты: Мбаппе чемпионаттың бомбардирлер жарысында көш бастады. Осылайша, Франция құрамасы Польшаны 3:1 есебімен ұтып, ширек финалға жолдама алған Франция 10 желтоқсанда Англия немесе Сенегал командасының біреуімен жартылай финалға шығу үшін таласады.