Бүгін Астанада 0-9-сынып оқушылары мектепке бармайды

Бүгін Астанада 0-9-сынып оқушылары мектепке бармайды
Фото: m.123ru.net

Елордада 0-9-сынып оқушылары сабақты қашықтан оқиды. Бұл туралы Білім басқармасы хабарлады.

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты 5 желтоқсан күні бірінші ауысымның 0-9-сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», – делінген Астана қаласы Білім басқармасының хабарламасында.

Мектеп оқушылары мен 1-2-курс колледж студенттерін күн райы бұзылған жағдайда қашықтан оқыту форматына көшіру параметрлері:

– ауа температурасы 25-29 градус, желдің жылдамдығы 2-4 м/с болған жағдайда 0-4-сыныптар;
- ауа температурасы 25-29 градус, желдің жылдамдығы 5 м/с болған жағдайда 0-9-сыныптар;
– ауа температурасы 30-34 градус, желдің жылдамдығы 2-4 м/с болған жағдайда 0-9-сыныптар;
– ауа температурасы 30-34 градус, желдің жылдамдығы 5 м/с болған жағдайда 0-11 (12)-сыныптар, колледждер (1-2-курс);
– ауа температурасы 35 градус, желдің жылдамдығы 2 м/с болған жағдайда 0-11 (12)-сыныптар, колледждер (1-2-курс);
– бұрқасын және желдің жылдамдығы 15 м/с және одан жоғары болғанда 0-11 (12)-сыныптар, колледждер (1-2-курс);
– бұрқасын күшейгенде, желдің жылдамдығы 10 м/с және одан жоғары болғанда, көру мүмкіндігі төмендегенде 0-11 (12)-сыныптар, колледждер (1-2-курс).

 

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.