Астана мен Анкара арасында тікелей қатынайтын әуе рейсі ашылды
Астана мен Анкара арасында тікелей қатынайтын әуе рейсі ашылды
Фото: haberrus.ru
380
оқылды
Астана мен Анкара арасында әуе рейсі ашылды. Бұл туралы Aikyn.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. Бүгін Қазақстан мен Түркияның астанасына тікелей қатынайтын әуе рейсі ашылды. Оған Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Уфук Экичи, AnadoluJet компаниясының маркетинг жөніндегі директоры Ахмет Цылдыз, «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ президенті Дәулет Хамзин қатысты. Астана мен Анкара арасындағы рейстер аптасына 2 рет Б-737 үлгісіндегі ұшақпен жүзеге асады. Тасымалдаушы – Turkish Airlines компаниясының еншілес кәсіпорны AnadoluJet. Алғашқы рейспен 140 жолаушы келіп, 157 жолаушы ұшып барған.