Nur Otan партиясының Алматы қалалық филиалында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Басқосу модераторы – қоғамдық кеңес төрағасы Борис Жапаров. Өткен жылғы 21 тамызда партияның Саяси кеңесінде партияның «қайта жаңғыруы» жарияланды. Nur Otan партиясы Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партия қатарын тазарту және партия мүшелерінің жауапкершілігін арттыру, партиялық бақылау комиссиясының және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің қызметін күшейту қажетін атап өткен болатын. Осыған байланысты қалалық қоғамдық кеңес отырысында партияның аудандық филиалдары жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестердің қызметі және олардың қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы мәселе көтерілді. Сондай-ақ Nur Otan партиясы АҚФ жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің өткен жылғы бірқатар мемлекеттік органға берілген ұсынымдарын орындау, оның ішінде білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, Жасыл экономика басқармасы және тағы басқа да мәселелер қаралды. Гүлнар ТӘЖИЕВА