Украина Ресейдің өңірлерін атқылауға кірісті
Украина Ресейдің өңірлерін атқылауға кірісті
фото: gtrkkursk.ru
5,875
оқылды
Украина Ресей армиясының атқылауларына жауап ретінде қарсыласының шекаралас аудандарының инфрақұрылымдарына ракета жөнелте бастады. Бұл туралы The Moskow News хабарлады,  – деп жазады halyq-uni.kz.
Украина Курск облысына 11 ракета атты», – деді осы өңірдің губернаторы Роман Старовойт.
Оның айтуынша, бұдан зардап шеккендер жоқ. Алайда, снарядтардың бірі энергия желісін талқандап кетіп, Суджан мен Коренев аудандары жарықсыз қалған. Мамандар жағдай қауіпсіз болған кезде оны жөндеуге кіріседі. Старовойт сол күні ертерек Теткино кентінің атқылауға ұшырағанын хабарлаған еді. Ол кемінде 10 залп жасалғанын айтады. Соның кесірінен электрмен қамтамасыз ету нысанына залал келіп, елді мекен жарықтан ажырап қалған. Осы күні Белгород облысының Шебекин округі де атқыланған. Губернатор Вячеслав Гладков атысқа Муром және Новая Таволжанка селолары ұшырағанын атап көрсетті. Мұнда да зардап шеккендер жоқ. Бірақ газ құбыры мен электр желісі, сол сияқты бірқатар жеке үйлер зақымданған. Ал Новая Таволжанкада бір мекеменің ғимараты қиратылған. Шебекино бұдан бұрын да осындай атқылаудың астында болыпты. Атап айтқанда, 11 қазан күні жергілікті шағын станция істен шығыпты. Үш күннен кейін Белгородтың өзіндегі «Луч» жылу-электр орталығы жанып кеткен. Айта кетейік, Ресей әскері 24 ақпанда Украина жеріне басып кірді.