"15-20 жылға сотталады": Шымкентте бір отбасының 3 мүшесі ұсталды
"15-20 жылға сотталады": Шымкентте бір отбасының 3 мүшесі ұсталды
© видеодан алынды
2,490
оқылды
Шымкентте есірткі саудасымен айналысқан отбасы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Telegram каналында есірткі таратып келген интернет-дүкен анықталды. Аталған қылмысқа күдікті үш адам құрықталды. Оның екеуі 41 және 35 жастағы азаматтық некедегілер болса, қалған біреуі – әйелдің бірінші некеден туған 21 жастағы ұлы. Заңсыз табысты отбасылық кәсіп еткендер біршама уақыттан бері интернет желісінің мүмкіндігін пайдаланып, есірткі заттарын тұтынушыларға ұсынып келген. Тергеу барысында электрондық төлем жүйесі арқылы есірткіге тапсырыс қабылдап, оны жасырын орындарға қалдыру әдісімен таратқаны белгілі болды. Күдіктілердің Шымкент қаласындағы және Түркістан облысындағы тұрғылықты мекенжайларын тексеру кезінде есірткі қылмыстарын таратуға қатысты техникалық құралдар, электрондық таразылар, банк карточкалары, телефондар, есірткі заттарын бөлшектеуге және орауға арналған түрлі материалдар, тіркелмеген қару мен оқ-дәрілер, сондай-ақ 68 дана дайын есірткі заттары тәркіленген. Сонымен қатар есірткі жасырылған орындардан қосымша тағы екі есірткі заттары алынған. Сараптама қорытындысына сәйкес, аталған заттар есірткінің синтетикалық түріне жататыны расталып, жалпы салмағы 37 грамды құрады. Бүгінде аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі кезде күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Кінәсі дәлелденген жағдайда, олардың мүлкi тәркiленiп, 15 жылдан 20 жылға дейiнгi мерзiмге немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.