СҚО-да жоғалып кеткен 50 жылқы суға батып кеткен
СҚО-да жоғалып кеткен 50 жылқы суға батып кеткен
405
оқылды
2 желтоқсан күні СҚО Айыртау ауданының полиция бөліміне Әлжан ауылында 50 жылқы жоғалғаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды деп хабарлайды Polisia.kz. Жылқылар СҚО Айыртау ауданы Әлжан ауылының тұрғындарына тиесілі екені анықталды. Жануарлар 27 қарашада еркін жайылымнан жоғалып кеткен. Іздеу барысында жоғалған жылқылар мұздың ішінде қатқан күйінде Барчи көлінен табылды. Алдын ала болжам бойынша, жылқылар бақташы болмаған кезде көлдегі мұз үстімен жүрген. Кейін мұз жарылып, суға батып кеткен. Аталған факті бойынша Айыртау ауданының полиция бөліміне арыз келіп түспеді. Қазіргі уақытта полицейлер болған оқиғаның барлық мән-жайын тексеруде, өлген жануарлардың нақты саны анықталып жатыр.