Криштиану Роналду жаңа клубта жылына 200 миллион доллар табыс табады
Криштиану Роналду жаңа клубта жылына 200 миллион доллар табыс табады
639
оқылды
Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду Сауд Арабиясының "Әл-Наср" командасына ауысуы мүмкін, деп жазады Marca. Басылымның мәліметінше келісімшарт 2,5 жылға жасасады және Роналду сол уақыт аралығында 200 миллион доллар табыс табады. Футболшы 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап саудиялық клубқа ауысуы мүмкін. Еске салайық, "Манчестер Юнайтед" басшылығы Роналдудың даулы сұхбатынан кейін ойыншымен келісімшартты үзген еді. Қазіргі таңда Криштиану Роналду өнер көрсететін Португалия құрамасы Қатардағы әлем чемпионатында 1/8 финалында Щвейцариямен кездеседі.