Хорватия құрамасы әлем чемпионатында Жапонияны жеңіп кетті
Хорватия құрамасы әлем чемпионатында Жапонияны жеңіп кетті
384
оқылды
Хорватия Жапонияны жеңіп, Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына шықты. Әл-Вакр қаласындағы «Әл-Жануб» стадионында өткен плей-офф кезеңінің бірінші турындағы ойын негізгі уақытта 1:1 есебімен аяқталды. Кездесудің 43-минутында Дайзен Маэда бұрыштама добынан сәтті ойнап, Жапонияны алға шығарды. Үзілістен кейінгі қарымта голды Иван Перишич соқты: 33 жастағы шабуылшы баспен гол соқты. Қосымша уақытта командалар гол соға алмағанымен, пенальтилер сериясында Хорватия ойыншылары дәлірек болды – 3:1. Шешуші голды Марио Пашалич жүзеге асырды. Хорватиялық қақпашы Доминик Ливакович пенальтилер сериясының қаһарманы атанды, ол төрт соққының үшеуін қайтарды.