«Жер аманатының» маңызы зор

жер аманаты

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы бірқатар партиялық жобаларды жүйелі жүзеге асырып келеді. Бүгінде партияның бастамасымен «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек», «Ұлттық мұра», «Жастар – Отанға!», «Халыққа көмек» жобалары жүзеге асырылып ке­ле­ді. Одан бөлек, жаңадан іске қосылған «ТазаLike», «Әлеумет», «Жаңа Қазақ­стан­ға арналған 30 инновациялық идея», «Жер Аманаты», «Ауыл Аманаты» жо­балары да бар.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыс­тық филиалының атқарушы хатшысы мін­детін атқарушы Қалыйма Жантөреева бү­гінде партиялық жобалардың елдің әлеу­мет­тік ахуалы үшін аса қажеттілігі бар еке­­нін, тиімді екенін атап өтті.

Мәселен, Түркістан облысында «Ке­дер­гісіз келешек» партиялық жобасы ая­сын­да филиал жанынан 18 «Бейімдеуден өт­кен әлеуметтік нысандарға мониторинг жүр­гізу» тобы құрылып, оған қоғам бел­сен­ділері мен мәслихат депутаттары, ҮЕҰ өкіл­дері мен партия қызметкерлерінен 163 адам енгізілген. Аталған топ облыс әкімінің орын­басарымен бекітілген ерекше қажет­тіліктері бар адамдарға қолжетімділікті қам­тамасыз ету бойынша 260 әлеуметтік ны­санның 255-іне зерделеу жұмыстарын жүр­гізген.

«Ал зерделеуден өткен 255 нысанның 75-ін­де кемшіліктер толығымен жойылып отыр. 180 нысан бекітілген та­лап­тар­ға сәй­кес еместігі анықталған. Кем­ші­лік­тер бойын­ша мемлекеттік мекеме бас­шы­лары мен жеке меншіктегі ғимарат ие­лері­не ес­кер­ту берілді», – дейді Қалыйма Жан­төреева.

Сонымен қатар «Бақытты отбасы» пар­тия­лық жобасы аясында «Қамқорлық» бағ­­дарламасы іске асып келеді. Түркістан облысында аталған жоба аясында 2020-2021 жылдары партияластар мен кәсіп­кер­лердің демеушілігімен 825 млн теңгеге 2 679 адамға көмек көрсетілген. Оның ішінде 85 азаматқа тұрғын үй алып берілсе, 90 жан тұрақты жұмыспен қамтылған. «Партия тара­­пынан бекітілген жобалардың барлы­ғы­ның да өзіндік орны бар. Дәл қазір халыққа қажетті саналады. «Бақытты отбасы» жобасының да алар орны ерекше. Өңірдегі көмекті қажет ететін біршама аза­мат осынау жобаның игілігін көріп отыр. Нәтижесінде, 230 адам ақылы қоғамдық жұ­мысқа тартылып, өмірлік қиын жағдайға тап болған 2 679 отбасының 1 036-ы дағ­дарысты жағ­дай­дан шықты. Ал 630 отбасы өздері­нің өмір сүру жағдайларын түзетіп отыр», – дей­ді атқарушы хатшысының мін­­де­тін ат­қарушы.

Биыл жыл басынан бері 1 027 отбасы «Қам­қорлық» жобасының шарапатын көр­ген. Оның ішінде 23 отбасыға тұрғын үй алып берілсе, 33 адам тұрақты жұмыспен қам­тылып отыр. 37-сі ақылы қоғамдық жұ­мысқа тартылып, қалған отбасыларға 190 140,9 мың теңгеге азық-түлік, киім-ке­шек, тұрғын үйді жөндеу, медициналық кө­мек, несиесін жабу секілді көмек түрлері ұйымдастырылған.

«Балаларды мектепке даярлаймыз» ак­циясы аясында партияластардың демеу­ші­лігімен облыс көлемінде тұрмысы төмен, қиын өмірлік жағдайдағы отбасылардан шық­қан 2 013 оқушыға мектепке қажетті құрал­дар, мектеп формалары алынған.

Биыл іске қосылған ерекше жобаның бірі – «Жер аманаты». Бұл мәселемен әсі­ре­се, жер емген оңтүстік өңірінің тұр­ғын­дары жиі бетпе-бет келеді. Игерілмей жат­қан және мақсатсыз пайдаланылған жер­ді мемлекет меншігіне қайтару Мем­ле­кет басшысы тарапынан қолға алынған. Бұл бағытта «Жер аманаты» жобасы жаса­лып, бүгінде қызу жұмысқа кіріскен. Пар­тияның Түркістан облысындағы фи­лиа­лында арнайы комиссия құрылып, 2022 жы­лы ортақ жайылым көлемін 1 012,0 мың гектар ұлғайту жоспары әзірленді.

Бүгінде жоспар аясындағы жұмыстар екі бағытта жүргізіліп жатыр. Оның бірін­ші­сі, өңірде 405,2 мың гектар мақ­сатсыз пайдаланылып отырған жайы­лымдарды мемлекет меншігіне қайтару бол­са, екіншісі, 606,8 мың гектар болатын ірі жер пайдаланушылармен меморандум жасау арқылы қайтару. Осы орайда, биыл пар­тияның күш-жігерімен ауылдағы тұр­ғын­дарға 487,7 мың гектар ортақ жайылым қай­тарылған. Оның 66,3 мың гектары мем­лекет меншігіне қайтару жолымен, 421,4 мың гектары меморандум арқылы жүзеге асып отыр.

Кәсіп ашқысы келетін ауыл тұрғын­дары­на «AMANAT» партиясы Үкіметпен бір­лесіп, «Ауыл аманаты» атты жобаны іске қосқаны белгілі. Бұл – мемлекет бас­шы­сының «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында қолға алынған бастама. Ауылдық округ тұр­ғындарын жұмыспен қамтуды ұлғайту жә­не еңбек табысын арттыру аясында қол­ға алынған жобаның алға қойған мін­дет­терін түсіндіруге арналған 3 күндік семи­нарға 181 ауылдық округ әкімдері қатысқан. Пар­тиялық жоба аясында құрылған ақ­парат­тық-насихат топ 32 ауылда тұрғын­дар­мен кездесті. Аталған жоба келер жылы жұм­ысын бастамақ.

Міне, бүгінде партиялық жобалар осы­лай­ша өзінің өміршеңдігін дәлелдеп отыр.

Түркістан облысы

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.