Заңсыз берілген жер мемлекетке қайтты
Заңсыз берілген жер мемлекетке қайтты
295
оқылды
Елдегі негізгі астық өндіруші өңірлердің бірі болғандықтан, Ақмола об­лы­сында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер ерекше құндылыққа ие. Де­­­генмен кезінде «Бармақ басты, көз қыстымен» ауылдардың шұрайлы жер­лерінің басым көпшілігі ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткен. Банк­тердің кепілдігіне қойған жерлерінен айырылған ауылдағы ағайынға енді ма­лын да бағу мұңға айналған. Толғағы жеткен күрделі мәселеде «AMANAT» пар­тиясы да үн қосып, заңсыз алпауыт латифундистердің жайлап алған мил­лиондаған гектар жер мемлекетке қайтарылды. Партияның облыстық филиалының мәліметінше, бүгінде Qoldau.kz деректер ба­засына сәйкес облыс аумағында 2 мил­лион 641,6 мың гектар жер, оның ішінде 153,3 мың гектар егістік пен 2 488,3 мың гек­­тар жайылым анықталған. Аталған жер­­лердің 1,5 миллион гектарға жуығы тиім­­сіз қолданылатыны анықталған. Тек­серіс барысында 1 183,4 мың гектардың мүл­де пайдаланылмағаны белгілі болған. Өткен кезеңде Ақмола облысының жер ресурстарын басқару департаменті 119 тексеріс жүргізіп, нәтижесінде 537,1 мың гектар алқапта жер заңнамасының бұ­зылуына қатысты 91 нұсқау берілген. Бұл материалдар 20 еселік мөлшерде са­лық салу үшін Ақмола облысының мемле­кет­тік кірістер департаментіне жолданып, ауыртпалық жүктеліпті. Тексерістер нәти­же­сінде 206,7 мың гектар алқап, оның ішін­де 77,8 мың гектар егістік пен 128,9 мың гектар жайылым жерлер қайта қол­да­­­­ныла бастаған. Қазір облыстың сот органдарында 141,1 мың гектар алқапта 23 талап-арыз қа­р­алу­да. Оның ішінде «Орловка», «Есіл Агро», «Аскоп» жауапкершілігі шектеулі серік­тестіктеріне тиесілі 41,4 мың гектар ал­қап ауыл шаруашылығы жерлері бойын­ша 3 талап-арыз мәжбүрлеп тәр­кі­леуге бағытталыпты. Мемлекет басшысы тапсырмасын орын­дау мақсатында республикалық жұ­мыс комиссиясы мен құрамында сыбай­лас жемқорлыққа қарсы қызмет, құқық қорғау органдары және басқа да құзіретті мем­лекеттік органдардың өкілдері бар об­лыстық ведомствоаралық топтар құ­рыл­ған.
– Бүгінде облыс аумағында комис­сия­ның тексерісі нәтижесімен 302,4 мың гек­тар жер тәркіленіп, оның ішінде 214,5 мың гектар жердің иесі өз еркімен бас тарт­қан. 6,4 мың гектар жер учаскесі заңсыз ұсынылуына байланысты құқық­тық құжаттары мен 81,5 мың гектар жер­дің жалға алу мерзімі аяқталған. Қай­тарыл­ған ауыл шаруашылығы жерлерінің бәрін аудан әкімдіктері бірінші ке­зек­те ха­лықтың қажеттіліктерін қанағат­тан­дыру мақ­сатында бөлетін болды, – деді «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық фи­лиалының баспасөз қызметі.
Жалпы республикалық, сонымен қа­тар өңірлік «Жер аманаты» комис­сия­сы­ның құрылуы жайылым жерлердің тап­шы­лығы мәселесін шешуде және заңсыз берілген қолданылмайтын жерлерді кері қайтаруда маңызды шешім болғаны рас. Партияның Ақмола облыстық филиалына жер мәсе­лелері бойынша тұрғындардың ондаған арыз-шағымдары түскен. Бүгінге дейін қоғамдық қабылдауға 24 арыздың түскені анықталды. Оның 19-на нақты жауап берілсе, бесеуі мемлекеттік және құқық қор­ғау органдарының қарауына тап­­сырыл­ған. «Жер аманаты» өңірлік ко­мис­­сия­сының мүшелері көшпелі кезде­су­лерді екі мәрте Қорғалжын және бір мәр­те Атбасар, Біржан сал, Жақсы, Жар­қайың және Сандықтау аудандарында өт­кізген. Сонымен қатар Атбасар, Зеренді жә­не Целиноград аудандарының тұрғын­дарымен онлайн-кездесулер өтіпті.

Ақмола облысы