Ынтымақтастық арта бермек
Ынтымақтастық арта бермек
405
оқылды
Президент Астанаға ресми сапар­мен келген Грекияның Сыртқы істер министрі Николаос Дендиасты қа­был­дады. Кездесу барысында сауда-экономи­ка­лық байланыстарды нығайтуға баса мән бері­ліп, Қазақстан мен Грекия арасындағы ын­тымақтастықты дамыту перспек­тива­лары талқыланды. Мемлекет басшысы Грекияның Еуро­па­лық Одаққа мүше мемлекеттер арасында маңызды серіктес елдердің бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ екі ел көпжақты алаң­­­дарда өзара тығыз қарым-қатынас жасап келе жат­қанын жеткізді.
– Грекиямен арадағы байланыстар біз үшін басымдық саналатынын тағы да атап өт­кім келеді. Біз өзара ынтымақтастық көр­сеткіштерін жаңа деңгейге көтеру үшін қол­дан келгеннің бәрін жасаймыз, – деді Пре­зидент.
Өз кезегінде Николаос Дендиас екі­жақ­ты және көпжақты ынтымақтастық мә­селелері жөнінде пікір алмасуға мүм­кін­дік бер­гені үшін Қасым-Жомарт Тоқаев­қа ал­ғыс айтты.
– Біз Қазақстанды өңірдегі тұрақ­ты­лық­­қа кепіл болатын Орталық Азиядағы ең ірі және басымдыққа ие ел ретінде қа­рас­­тыратынымызды атап өткім келеді. Грекия Сіздің еліңізбен өзара тиімді ын­ты­­мақтастықты одан әрі нығайтуға дайын, – деді министр.
Сонымен қатар олар әңгімелесу бары­сын­да халықаралық және өңірлік күн тәр­ті­біндегі өзекті мәселелер жөнінде пі­кір алмасты.