Қызылордада полицейдің көлігі ағашқа соғылды
Қызылордада полицейдің көлігі ағашқа соғылды
Фото: ПД-нен алынды
257
оқылды
Қызылордада патрульдік полиция көлігі жол апаты салдарынан талға соғылды. Қызылорда облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 5 желтоқсан күні сағат 00.30 шамасында Қызылорда қаласы Жеңіс және Панфилов көшелерінің қиылысында болған. Апат кезінде Audi автокөлігінің жол ережесін бұзғаны анықталды. Қызметтік Toyota Corolla автокөлігінің оң жақ есігінен соққан. Салдарынан патруль көлігі талға соғылған. «Қазір Audi автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 610-бабы 1-бөлігімен хаттама рәсімделді. Автокөлік айыптұраққа қойылды», – деді департамент өкілі.