«12 сағат қиналды» – үш жасар сәбиінен айырылған ананың жанайқайы
«12 сағат қиналды» – үш жасар сәбиінен айырылған ананың жанайқайы
Фото: видеодан скриншот
1,454
оқылды
Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының тұрғыны Айдана Мұхамбетиярова үш жасар сәбиінің өліміне дәрігерлерді кінәлайды, – деп хабарлайды AstanaTV. Келіншектің айтуынша, тамағына жасалған операциядан кейін бүлдіршін мүлдем қараусыз қалып, көз жұмған. Қыздан «Даун синдромы» анықталғанымен, ауытқушылық болған жоқ», - дейді Айдана Мұхамбетиярова. Айназға операция жасап, дәрігерлер тамағындағы қабынған безді сылып тастайды. Ота сәтті өткенімен, бүлдіршін кешкісін мазасыздана бастаған.
Сәбидің анасы Айдана Мұхамбетиярова: «Реанимациядан бір медбикені шақырады. Ол медбике  келеді, балаға ешқандай катетерді қоя алмайды. Баланың қолы мұздай бастайды. Сол кезде катетерді қоя алмаған соң, екінші медбикені шақыртады. Ол баланың жағдайын көріп, сол сәтте «врачтарды шақырыңыздар, бала қиналып жатыр. Ешқандай катетерді сала алмаймын. Түгел шақырып, реанимацияға апарыңыздар деп айтады. Бірақ медбике оған құлақ аспайды. Қызға қайтадан катетерді тыққызады», – дейді.
Күйінген келіншектің айтуынша, оқиға демалыс күні болған. Сондықтан шақыртқан дәрігерлер уақытында келмепті. 12 сағат бойы осылай қиналған сәби әбден әлсірегенде ғана мамандар көмек көрсеткен. Сәбидің анасы Айдана Мұхамбетиярова: «Дәрігер кешкісін бала өлердің алдында қиналып жатқан уақытта келеді. Пульсін қарап, бір-біріне ымдап, бірдеңе айтады: “апа, қызыңыздан айырылып қалдық, иманды болсын” деп... Дәрігерлердің салғырттығы бәрі. Отадан кейін қызыма дұрыс қарамады», – деп налиды. Дәрігерлер бүлдіршінді операцияға дайындау кезінде денсаулығынан кінәрат табылмағанын айтады. Одан кейін де жағдайын қадағалап отырдық дейді.
Отоларинголог дәрігер Орынбек Жұбанов: «Баланы операциядан соң өзім қарағанда бүкіл көрсеткіші қалыпты болды. Кенеттен әлсіреген соң жансақтау бөлімінде көмек жасадық. Кейін сәбиді сойып тексергенде жүрегінде ақау бары, бұл аздай пневмонияға шалдыққаны анықталды. Жалпы, мұндай дерті бар балалардың бүкіл кеселі осындай операция кезінде өршіп кетеді. Сәбидің ата-анасына қайғырып көңіл айтамын», – деді.
  https://youtu.be/PT_9MQ9yo9w Полиция осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайын тексереді.