Екібастұздағы жедел штаб: таңертең тағы бір жылу құбыры жарылды
Екібастұздағы жедел штаб: таңертең тағы бір жылу құбыры жарылды
Фото: kaz.orda.kz
241
оқылды
Екібастұз қаласындағы апатты жою жөніндегі жедел штаб аймақтағы ахуал туралы мәлімет ұсынды. Үкіметтің Telegram арнасы таратқан мәлімет бойынша, Екібастұздың 6, 5а және 5б шағынауданында жылу желілері қатып қалған үйлерге жылу беруді қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Апатты жою жөніндегі штаб басшысы – премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың хабарлауынша, 6 желтоқсан күні сағат 08.00-дегі жағдай бойынша кіреберістерді жылуға қосу жұмыстары 4 үйде жүргізілуде. Бұл жұмыстарды бүгін аяқтау жоспарланған. Зардап шеккен нысандарға бекітілген кәсіпорындар тәулік бойы инженерлік коммуникацияларды қалпына келтіру жұмыстарымен айналысып жатыр. Бүгін таңғы сағат 04:30-да №6 шағынаудандағы орамішілік жылу желісінде құбыр жарылды (жылу құбырын бұратын ЦТП 63, диаметрі 159). Оған жөндеу бригадалары жіберілді. Осыған байланысты Бауыржан Момышұлы көшесіндегі 42, 54, 46, 44, 48, 50, 52 және Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі 59, 61, 65, 57а, 63, 63А, 63Б, 67А тұрғын үйлеріне ыстық су беру қысқа уақытқа тоқтатылды, құбырды сағат 14:00-де дейін жөндейді. Екібастұз қаласындағы үйлерді жылу желісіне қосу бойынша атқарылған жұмыс туралы мәлімет:  width=