Жамбыл облысында тірідей өртеніп кеткен 2 баланың әкесі де өрттен көз жұмған
Жамбыл облысында тірідей өртеніп кеткен 2 баланың әкесі де өрттен көз жұмған
Фото: paryz.kz
540
оқылды
Жамбыл облысында желтоқсанның 2-сінен 3-не қараған түні өрттен қаза тапқан 2 және 5 жасар екі баланың жақын туыстары олардың әкесі де 2019 жылы өрттен көз жұмғанын мәлімдеді,  - деп хабарлады Orda.kz. Кіші қызы әкесі көз жұмған соң 2020 жылы наурызда дүниеге келген. Кейінгі кездері әйел 2 баласымен жалдамалы пәтерде тұрған. Пәтерді жиі ауыстырған. Сол күні балалар ауырғандықтан, балабақшаға бармаған. Қайғылы оқиға болған түні әйел құрбысының үйіне туған күн тойлауға барған. Балаларды үйге құлыптап кеткен. Үйге оралғанда полиция мен өрт сөндірушілердің үстінен түскен. Қазір әйелге әкімдік көмек көрсетуде. Қыздарды жерлеу рәсімін өткізіп, анасына уақытша тұратын баспана тауып берген. Материалдық көмек көрсету мәселесі де қарастырылып жатыр.