"13 жастағы қызды зорлайын деп жатқанда ұсталды": желіде Атырауда болған оқиғаның видеосы жарияланды
"13 жастағы қызды зорлайын деп жатқанда ұсталды": желіде Атырауда болған оқиғаның видеосы жарияланды
Фото: tengrinews.kz
Желіде Атырауда 13 жасар қызға тиіспек болған ер адамның видеосы тарады. Видео Qumash Telegram арнасында жарияланған. Атырау облысы Полиция департаменті бұл жағдайға қатысты пікір білдіріп, Авангард шағынауданында көлікті заңсыз басқарған ер адам көпқабатты үй ауласында жасырынып, 13 жастағы қызды зорламақ болғанын растады. Оқиға бүгін, яғни 6 желтоқсан күні Атырау қаласындағы Авангард ықшамауданында болды.
"Атырау қалалық Полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің жедел әрекет етуі нәтижесінде, педофил қылмысқа оқталу кезінде ұсталды.  Қылмыстық кодекстің 120-баптың 4-бөлігімен, яғни жасөспірімді зорлауға оқталу дерегі бойынша тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды. Өзге ақпарат жариялауға жатпайды", - делінген Атырау облысы Полиция департаменті таратқан мәліметте.