Канадалық пианист-импровизатор Алматыға келеді
Канадалық пианист-импровизатор Алматыға келеді
533
оқылды
11 желтоқсан күні Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Үлкен залында танымал қазақстандық ұжым – Ғ.Жұбанова атындағы мемлекеттік ішекті аспаптар квартетінің концерті өтеді. «Канададан Қазақстанға» деп аталатын концерт Қазақстан  мен Канада арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Кешке канадалық композитор әрі пианист-импровизатор, Канаданың жоғары музыкалық марапатына (Juno Award) үш рет лайық деп танылған Дэвид Брейд қатысады. Алғаш рет Қазақстанда Дэвид Брейдтің ішекті аспаптар квартетіне жазған әлемдік премьерасы шырқалады. Сондай-ақ кеш бағдарламасында Ғазиза Жұбанованың №2 квартеті, Дэвид Брейдтің  Joya Variations (Джойя вариациялары),  Great Bear River Blues  (Ұлы аю өзенінің блюзі),  Liuyang Rhapsody  (Люян Рапсодия),  Semi  туындылары ұсынылады.
Квартеттің құрамы: Ернар Мыңтаев (виолончель), Айдар Тоқталиев (бірінші скрипка), Алексей Лебедев (екінші скрипка), Бекзат Сайлаубайұлы (альт). Көркемдік жетекші – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ернар Мыңтаев.