Қазақстанға Орта Азиядан оңтүстік циклон ойысуда. "Қазгидрометтің" синоптиктері демалыс күндері елімізге ауа райы қандай болатынын айтты. 22-24 ақпанда циклонмен республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, қар аралас жаңбыр жауады, тұман түседі, көктайғақ болады және қатты жел соғады. Қазақстанның орталығы мен шығысында қар жауады. 23 ақпан күні қар борап, жел кұшейеді деп күтіледі. Циклонның артынан Поволжья аудандарынан антициклон ығысады. Ол жауын-шашынның тоқтатып күн суытады. Осыған қарамастан, температура бұрынғысынша жылдағыдан үш-алты градусқа жоғары болады.