Атырауда «Мирас» кеңесінің төрағасы сайланды

Атырауда «Мирас» кеңесінің төрағасы сайланды

"AMANAT" партиясының облыстық филиалы жанындағы "Мирас" азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі өңірлік Қоғамдық кеңесінің төрағасы болып Сырымбек Сәрсембаев сайланды. ​Оның кандидатурасы Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы барысында дауыс беру арқылы бекітілді. Сырымбек Сәрсембаев – облыста танымал ақын-айтыскер, ол өз шығармашылығымен өңірдің мәдениетін дамытуға үлес қосып келеді. ​Сондай-ақ, отырыста Қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары болып ​ Атырау қалалық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Рафик Сәрсенов тағайындалды. ​Кеңес мүшелері бұған дейін «Мирас» кеңесіне жетекшілік еткен Нұржан Ермұхановқа атқарылған жұмысы үшін алғыс білдіріп, алдағы міндеттерді саралады.