4 өңірде ескерту жарияланды
4 өңірде ескерту жарияланды
Фото: inbusiness.kz
1,185
оқылды
7 желтоқсанда еліміздің төрт облысында тұман, көктайғақ және қатты жел тұрады, – деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. 7 желтоқсанда Қызылорда облысының оңтүстігінде, 8-9 желтоқсанда облыстың солтүстігінде тұман түседі. Түнде және таңертең Жетісу облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Түркістан облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, тау асуларында желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді. Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі.