Шымкентте автобус жүргізушісі мен кондукторды соққыға жыққан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Шымкентте автобус жүргізушісі мен кондукторды соққыға жыққан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды
1,417
оқылды
Шымкентте автобус жүргізушісіне күш көрсеткендерге қылмыстық іс қозғалды. Әлеуметтік желіде тараған видеодан белгісіз азаматтардың қоғамдық көлік жүргізушісіне күш қолданғанын көруге болады. Жеңіл көліктен түскен екі азамат аялдамаға тоқтаған автобусқа кіріп, жүргізушісін соққыға жыққан. Бетінен ұрып, мұрнын қанатқан. Сондай-ақ, араша түскен кондукторды да қуалап жүріп ұрған. Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған мәселеге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
«Аталған жайт бойынша Абай ауданының полиция басқармасына ҚР ҚК-нің 293-бабымен «бұзақылық» қылмыстық ісі тіркелген. Іс бойынша жәбірленушіге сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр» - делінген хабарламада.