Алматыда таңертеңнен бері іздестірілген 9 жасар қыз бала табылды
Алматыда таңертеңнен бері іздестірілген 9 жасар қыз бала табылды
фото: inform.kz
21,175
оқылды
Еріктілердің көмегінің арқасында бүгін таңертең Алматыда жоғалып кеткен 9 жасар оқушы қыз аман-есен табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
"Қыз троллейбустан табылды. Ол күні бойы қоғамдық көлікте жүрген болуы да мүмкін. Біз басқа жағдайларды міндетті түрде анықтаймыз. Ең бастысы – балада бәрі жақсы. Патрульдік полиция қызметкерлері оны ата-анасына тапсырды. Өз кезегінде, Алматы қаласының полициясы қызды табуға жан-жақты көмек көрсеткен қамқор азаматтарға шексіз алғысын білдіреді", – деді Алматы қаласы ПД ЖПҚБ ювеналды полицияның бастығы Жанна Шонжанова.
Айта кетейік, Алматыда бүгін таңғы сағат 07:40-та Сейфуллин даңғылы бойындағы үйден Алматының Түрксіб ауданында орналасқан мектепке шығып кеткен 9 жасар Айша Тимурды іздеу жұмысы жүргізілді. Оқушы қызды іздеуге барлық полиция жасақтары, Ұлттық ұлан сарбаздары, еріктілер және қарапайым адамдар жұмылдырылды.