Қызылорда облысында мұз астынан ер адамның денесі табылды

Қызылорда облысында мұз астынан ер адамның денесі табылды

3 желтоқсанда Қызылорда қаласы полиция басқармасының "102" арнасына мұз астынан белгісіз адамның мәйіті табылғаны жөнінде хабарлама түскен.
Қалалық полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
"Өлімнің нақты себебін анықтау мақсатында ер адамның мәйітіне сот-медициналық сараптама тағайындалды. Алдын ала мәлімет бойынша өлім себебін сипаттайтын белгілер жоқ. Тергеу жалғасады", - деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.