Ауыл әйелдерінің форумы
Ауыл әйелдерінің форумы
468
оқылды
Қызылорда қаласындағы Достық үйінде «Әйелдердің ел да­муын­да­ғы рөлі» атты облыстық ауыл әйелдерінің форумы өтті. Форумға об­лыс бойынша 200-ден аса белсенді әйел қатысты. «AMANAT» партиясы Қызылорда об­лыстық филиалының ұйымдас­тыруымен өткізілген форум әйел­дер­дің қоғамдағы рөлін айшықтау, ше­шімін күткен мәселелер мен жос­пар­лы шараларды әзірлеуге негізделген. Жиын­ды тізгіндеген тележүргізуші Мей­рамгүл Мәдәлі қатысушыларға фо­рум­ның осы сынды мән-маңызын кеңі­нен түсіндірді. Форумда Парламент Мәжілісінің де­­путаты, әлеуметтік-мәдени даму ко­­­­митетінің мүшесі Мақпал Тәж­ма­ған­­бетова сөз алып, қоғамдағы әйел­дер қауымының рөліне жан-жақты тоқ­талды. Жалпы «AMANAT» партиясы жа­ны­нан Әйелдер қанатының құрылуы нә­зік жандылардың қоғамдағы ор­нын айқындап, әрбір іске белсене ат­салысуына оң серпін беретін бо­ла­ды. Сонымен қатар түркі елдері ара­сын­да жақсы бастама ретінде қолға алын­ған қолөнершілер қауым­дас­ты­ғында бүгінде 500-ден астам адам бар екен. Осының негізінде түрлі қолөнер бұйымдары, оның ішінде зергерлік, ті­г­іншілік өнермен айналысып, кә­сіп­керлікке жол ашқан нәзік жан­дар­дың қатары арта түспек.
«Қазіргі таңда ауыл әйелдерінің әлеуетін арттыру, қоғамдағы рөлін қа­лыптастыру негізгі міндетіміз бо­лып тұр. Бұл тұрғыда тиісті мүмкін­дік­тер ұтымды пайдаланылмай отыр­ғаны ащы да болса шындық. Сон­дық­тан осындай басқосуларды өткізу көп мәселені шешуге көмектесетін бо­лады. Бұл тұрғыда кәсіпкер әйел­дерге, жаңадан бизнесті қолға ала­тын­дарға қолдау көрсетуіміз керек», – дейді депутат Мақпал Мазаққызы.
ауыл әйелдер форумы Форумда әйелдердің жаңа жағ­дай­дағы жаһандық миссиясына кеңі­нен тоқталған «Мансап» жеке мек­те­бінің құрылтайшысы Наталья Ми­шу­кова кәсіп ашамын деген әрбір әйел­ге қолдау ортаймайтынын жет­кізді.
«Жалпы бұл «AMANAT» пар­тия­сы­ның қолдауымен Қызылорда об­лы­сында өткізіліп жатқан қорытынды форум. Бұған дейін еліміздің барлық аймағында дәл осындай жиындар өт­кізілді. Осы форум аясында әртүрлі дең­гейде әйел азаматтарға қолдау көр­сетуді мақсат тұтамыз. Қазіргі таң­да «AMANAT» партиясы жанынан Әйел­дер қанаты ашылды. Бұл да әйел­­дер қауымына деген қолдау ая­сын күшейте түсетіні сөзсіз», – дейді «Мансап» жеке мектебінің құрылтай­шы­сы, Қазақстандағы үздіксіз білім беру ассоциясының Қызылорда фи­лиа­­лының директоры, «Бастау» бағ­дар­­ламасының бизнес-тренері На­та­лья Мишукова.
Негізінен «AMANAT» партиясы жа­нынан құрылған Әйелдер кеңесі ая­сында заңгер кеңесі, психология­лық көмек, әлеуметтік қолдау бағы­тын­да ауқымды жұмыстар жүргізіле­тін болады. Сонымен қатар кәсіп бас­тауға ынталылардың бизнес жо­ба­ларын іске асыруға мүмкіндік бері­леді. Кәсіп ашуға ниетті әйелдерді оқы­ту, кәсібін бастауға бағыт беретін тә­лімгерлер жұмысы да ұйымдас­ты­рыла­ды. Ауыл әйелдерін саяси жұ­мыс­тарға тарту бастамасы да көп­ші­лікті қуантып отыр. Осылайша ауыл әйел­деріне жан-жақты қолдау көр­сетілетін болады.
«Бүгінде елімізде кәсіп ашып, та­быс табамын деген жанға барлық мүм­кіндік жасалған. Өзім бала күті­мі­мен отырған кезімнен әлеуметтік же­лі арқылы табыс табудың оңтайлы тә­сілін меңгердім. Бұған дейін мек­теп­те мұғалім болдым. Қазір бір күн­де бұрынғы айлық жалақымның кө­леміндей табыс табамын. Әлеу­мет­тік желіде ауыл әйелінің бір күндік өмі­рін бейнелейтін бейнероликтер жа­рия­лап, елге де танылып қалдым. Ал­ға­шында отбасым бұл кәсібіме қар­сылық танытқан. Қазіргі уақытта жа­қындары да зор қолдау білдіріп отыр», – деп өз тәжірибесімен бөлісті блогер Ақтолқын Серікбай.
форум Қызылорда Басқосуда қолөнер шебері Үржа­мал Дүйсембаева қолөнер бұйымда­рын жасау мен оны дамыту бойынша тәжірибесімен бөлісті.
«Бүгінде үй жағдайында кәсіп ашып, табыс табуға мүмкіндік көп. Өзі­­­міздің тарапымыздан қолөнерге бейім әйелдерге қолдау көрсетуге дайын­мын. Осы мақсатта арнайы Whatsapp-та онлайн желісін аштым. Со­ған тіркелу арқылы әйелдер тегін кеңес алады. Соның негізінде өз кәсі­бін ашып, табыс табудың жолдарын үйре­теміз», – дейді қолөнер шебері.
Басқосудың өзге қатысушылары да әйелдер кәсіпкерлігін қолдау, ауыл­да ауылшаруашылығын дамыту, қаржылық сауаттылықты арттыру, кәсіптің заманауи түрлері бойынша ой-пікірлерімен бөлісті.

Қызылорда облысы