Қатар-2022: Испания құрамасы Мароккодан ұтылып қалды
Қатар-2022: Испания құрамасы Мароккодан ұтылып қалды
1,169
оқылды
Марокко құрамасы 2022 жылы Катарда өткен әлем чемпионатында Испания құрамасын сенсациялық түрде жеңіп, тарихта тұңғыш рет әлемдік турнирлердің ширек финалына шықты. Плей-офф кезеңінің бірінші раундының Аль-Райян қаласындағы «Білім Сити» стадионында өткен кездесуі негізгі уақытта тең аяқталды (0:0), кездесудің жеңімпазы пенальтилер сериясында анықталды. Испандықтар допқа көбірек иелік етті (25-ке қарсы 75 пайыз), бірақ қарсыластар негізгі уақыттың соңында ғана гол соғатын мүмкіндіктерге ие болды. Пенальтилер сериясында Марокко футболшылары жеңіп кетті – 3:0. Яссин Буну үш соққының екеуін қайтарды, ал Ашраф Хакими шешуші пенальтиді голға айналдырды. Марокконың 1/4 финалдағы қарсыласы Португалия мен Швейцария жұбында анықталады.