Интернетте тірі жан қалмады
Интернетте тірі жан қалмады
«Интернетті жасанды интеллект жаулап алған, контенттің басым бөлігін солар жасайды, пайдаланушылардың көпшілігі боттар» деген концепция сарапшыларды ойландыра бастады. Фото Getty Images сайтынан алынды
781
оқылды
2021 жылдан бері «интернетті жасанды интеллект жаулап алған, контенттің басым бөлігін солар жасайды, пайдаланушылардың көпшілігі боттар» деген концепция сарапшыларды шынымен ойландыра бастады. Биыл қарашада Lenta.ru мамандардың неге «өлі интернет» теориясына сенетінін зерттеп, ауқымды материал жариялады. Aikyn.kz сол зерттеу туралы мәліметтер ұсынады. Бос интернет теориясының шығуы Интернеттегі жасанды интеллект пен өзін-өзі оқыту алгоритмі бойынша жұмыс істейтін ресурстардың маңызының өсуі қолданушылар арасында «бүгінгі интернетті алгоритмдер басқарады және жыл өткен сайын жағдай нашарлауда» деген пікірді күшейтуде. Боттармен толған интернет деген ойға кез келген өнімге немесе мазмұнға жасалатын бір-біріне ұқсас комментарийлер немесе күдікті аккаунттардағы ұқсас пікірлер себеп болады.
«2007-2011 жылдардағы интернетпен салыстырғанда, бүгінгі интернет толығымен стерильді, тазартылған. Иә, интернет үлкен болып көрінуі мүмкін, бірақ ол ішінде ештеңе жоқ әуе шарына ұқсайды. Бұған корпорациялар мен үкіметтер ішінара кінәлі» деп санайды өлі интернет теориясын жақтаушы IlluminatiPirate. Сонымен қатар  ол интернетте үнемі араласатын көптеген адам  уақыт өте келе желіден із-түзсіз жоғалып кеткенін мәлімдеген.
[caption id="attachment_231057" align="aligncenter" width="1639"]Рисунок2 Интернет алпауыт болып көрінуі мүмкін, бірақ ол ішінде ештеңе жоқ әуе шарына ұқсайды. Бұған корпорациялар мен үкіметтер ішінара кінәлі. Фото Getty Images сайтынан алынды[/caption] «Өлі интернет» теориясы америкалық The Atlantic журналында 2021 жылдың жазында жарияланған мақаланың арқасында кеңінен танымал болды.
«Қазір бүкіл интернет жалған деген қастандық теориясы желіде таралуда. Бұл күлкілі естіледі, бірақ соншалықты күлкілі емес шығар?», – деп ой тастаған еді материал авторы Кейтлин Тиффани.
  [caption id="attachment_231059" align="aligncenter" width="1583"]Рисунок3 Алгоритмдер жетілген сайын, желілік әлем бірнеше корпорациялардың қалауы үшін жұмыс істейтін басқарылатын нысанға айналуда. Фото Getty Images сайтынан алынды[/caption] Тиффанидің айтуынша, өлі интернет теориясы толығымен шындыққа сәйкес келмейтіні анық. Бірақ оны жақтаушылардың сөздерінде қисынды тұжырымдар бар. Өйткені алгоритмдер жетілген сайын, желілік әлем бірнеше корпорациялардың қалауы үшін жұмыс істейтін басқарылатын нысанға айналуда. Саналы қолданушы желіде мақсатты жасанды интеллект пен алгоритмдердің нәтижесін анық көре алады.
Уақыт өте келе бұл теория «жаһандық желі жансыз алгоритмдер мен боттардың мекеніне айналып барады, интернет өлген жоқ, ол өліп бара жатыр» деген пікірлер көбейді.
Интернеттің жасанды екеніне қатысты 2018 жылы New York Times  YouTube-тағы видеолардың көрілімінің манипуляциясына қатысты тергеу жүргізді. Басылым бейнехостингте көрілім санын сататын компанияның иесімен, осындай қызметтердің провайдерлерімен және тұтынушыларымен сөйлесіп, мұндай бизнес өркендеп келеді деген қорытындыға келеді.
Эксперимент ретінде New York Times тілшісі тоғыз компаниядан бейнехостингтегі бейнелер сериясы үшін көру санын сатып алды және тапсырыстардың көпшілігі екі апта ішінде орындалды.
Сондай-ақ басылым YouTube-тағы боттардың белсенділігіне байланысты болған инверсия оқиғасын да атап өткен. Кейінірек бұл «өлі интернет» теориясы туралы пікірталастарда тағы бір дәлел болды. [caption id="attachment_231060" align="aligncenter" width="1429"]Рисунок4 Адамзат болашақта «жалған адамдар интернеті, жалған кликтер, жалған веб-сайттар мен жалған компьютерлер әлемінде өмір сүретіні болжанды. Фото metinvest.digital сайтынан алынды[/caption] Әлеуметтік желіде шынайы адамдардан боттар көп Times журналы 2013 жылы YouTube трафигінің жартысы «адам кейпіне енген боттар» болғанын хабарлады. Бұл көрсеткіштің жоғары болғаны соншалық, YouTube қызметкерлері енді біраз уақыттан кейін бейнехостинг жүйесі боттардың трафигін шынайы, ал адамдардың трафигін жалған деп есептейтін бұрылыс кезеңі туатынын айтып дабыл қаққан. Екі ұғымның орнын ауыстыруын олар инверсия деп атады.
Материал авторы аталған мәселелер түзетілмесе, адамзат болашақта «жалған адамдар интернеті, жалған кликтер, жалған веб-сайттар мен жалған компьютерлер әлемінде өмір сүретінін» болжады. Бұл «әлемде» жалғыз нақты нәрсе жарнама болатынын атап өтті.
Сонымен қатар 2018 жылы New York Times интернетте жалған контенттің қаншалықты таралғаны туралы тағы бір зерттеу жариялады. Басылым журналистері Devumi деп аталатын америкалық компания танымал сайттарда белсенділікті кең көлемде сататынын анықтады. Devumi Twitter-ге тіркелгендерді сатумен айналысқан: оларды жұлдыздарға, бизнеске және интернетте танымал, ықпалды болғысы келетін кез келген басқа адамдарға ұсынып сатқан. Бұл компанияда 3,5 миллион автоматтандырылған есептік жазба қоры болған. Компания тұтынушыларға 200 миллионнан астам Twitter тіркелушілерін ұсынған. [caption id="attachment_231061" align="aligncenter" width="1070"]Рисунок5 Боттармен толған интернет деген ойды бір-біріне ұқсас комментарийлер немесе күдікті аккаунттардағы ұқсас пікірлер тудырады. Фото Lenta.ru сайтынан алынды[/caption] New York Times журналистері эксперимент түрінде өздері жасаған жаңа Twitter аккаунты үшін Devumi-ден 25 000 қолдаушыны сәтті сатып алады. Кейбір жалған қолдаушылардың жалған екені көрінсе, 10 мың профильді нақты адамдардың профилінен ажырату қиын болған. Журналистік зерттеу қорытындысы жарияланғаннан кейін Devumi компаниясы Twitter әлеуметтік желісінің ережелерін бұзғаны дәлелденіп, желі қолданушылардың кейбірі жазылушыларының айтарлықтай санын жоғалтты.
Twitter-дегі спам мен боттар проблемасы Илон Масктің желіні сатып алуымен шешіле бастады. Бизнесмен компанияны сатып алғанға дейін платформадағы боттардың үлесі шамамен 20 пайызы екенін мәлімдеді. Кейінірек Cyabra компаниясы Масктың тапсырысы бойынша зерттеу жүргізіп, Twitter пайдаланушыларының шамамен 11 пайызы спам-шоттар мен боттар деген қорытындыға келді.
Ал ЦРУ мен ФБР-да жұмыс істеген және боттардың белсенділігін зерттеген киберқауіпсіздік жөніндегі маман Дэн Вудс Twitter-дегі жалған профильдердің үлесі 80 пайыздан астам екенін айтты. [caption id="attachment_231062" align="aligncenter" width="1225"]Рисунок6 АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы мен Федералды тергеу бюросында жұмыс істеген киберқауіпсіздік жөніндегі маман Дэн Вудс Twitter-дегі жалған профильдердің үлесі 80 пайыздан астам екенін айтады. Фото d-russia.ru сайтынан алынды[/caption] Өлі интернет теориясын жақтаушылардың пікірінше, желідегі нақты адамның орнын тарылтып жатқан тағы бір технология – OpenAI коммерциялық емес ұйымы әзірлеген GPT-3 тіл үлгісі. Ол мәтін құра алады, кейде нақты адамның сөздерінен айырмашылығы аз. Кейбір зерттеушілер технологияның дәл осылай дамуын қауіпті санайды.
«Тілдік модельдерді әлеуметтік желілерде миллиондаған пікірлерді қалыптастыру және оларды жалған жаңалықтарды, қастандық теорияларын насихаттау немесе сайлауды манипуляциялау үшін пайдалануға болады», – дейді Мэриленд университетінің доценті Том Голдштейн.
[caption id="attachment_231063" align="aligncenter" width="1225"]Рисунок7 «Әйеліме Amazon-ның көмекшісі Alexa жалған екенін айтыңызшы». Бұл әзілдің астарында қорқыныш та, қауіп те жасырынған. Сіз қалай ойлайсыз? Фото destreaming.es сайтынан алынды[/caption] Ал Копенгаген болашақты зерттеулер институтының қызметкері Тимоти Шоуптың айтуынша, GPT-3 «бақылаудан шығып кетсе», интернет адам танымастай өзгереді. Бұл жағдайда, оның пікірінше 2025 немесе 2030 жылға қарай интернеттегі мазмұнның шамамен 99 пайызын AI жасайды.
Қорқынышты болжамдарға қарамастан, өлі интернет теориясын қолдаушылар қатары өсуде. Әзірше, көпшілік тек әзілмен жауап береді. «Әйеліме Amazon-ның көмекшісі Alexa жалған екенін айтыңызшы», – деп әзілдеген екен желі қолданушысы. Әзілдің астарында үлкен қорқыныш та, қауіп те жасырынған сияқты. Сіз қалай ойлайсыз?
Біздің Қазнетте де боттардың іздері анық байқалады. Өздерін жұлдыз санайтын, интернеттің қазақ сегментінде «танымал» болғысы келетін тұлғалар да  жазылушыларының санын 1, 2, 3 млн деп өсіріп, көпшілік пен жарнама берушілердің алдында тартымды көрінгісі, танымал болғысы келеді. Бұл айла-шарғыларды мамандар жақсы біледі және оны түзету тек сол әлеуметтік желінің талабы мен ережесін қатайтып, сүзгілерді жетілдіру арқылы тазартылуы мүмкін. Ал қолданушылардың цифрлық сауатының жоғары болуы интернетте таралатын әрбір сөздің, мәтіннің мазмұнын дұрыс түсінуге, мұқият талдауға және дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.