2021 жылдан бері «интернетті жасанды интеллект жаулап алған, контенттің басым бөлігін солар жасайды, пайдаланушылардың көпшілігі боттар» деген концепция сарапшыларды шынымен ойландыра бастады. Биыл қарашада Lenta.ru мамандардың неге «өлі интернет» теориясына сенетінін зерттеп, ауқымды материал жариялады. Aikyn.kz сол зерттеу туралы мәліметтер ұсынады. Бос интернет теориясының шығуы Интернеттегі жасанды интеллект пен өзін-өзі оқыту алгоритмі бойынша жұмыс істейтін ресурстардың маңызының өсуі қолданушылар арасында «бүгінгі интернетті алгоритмдер басқарады және жыл өткен сайын жағдай нашарлауда» деген пікірді күшейтуде. Боттармен толған интернет деген ойға кез келген өнімге немесе мазмұнға жасалатын бір-біріне ұқсас комментарийлер немесе күдікті аккаунттардағы ұқсас пікірлер себеп болады.
«2007-2011 жылдардағы интернетпен салыстырғанда, бүгінгі интернет толығымен стерильді, тазартылған. Иә, интернет үлкен болып көрінуі мүмкін, бірақ ол ішінде ештеңе жоқ әуе шарына ұқсайды. Бұған корпорациялар мен үкіметтер ішінара кінәлі» деп санайды өлі интернет теориясын жақтаушы IlluminatiPirate. Сонымен қатар ол интернетте үнемі араласатын көптеген адам уақыт өте келе желіден із-түзсіз жоғалып кеткенін мәлімдеген.[caption id="attachment_231057" align="aligncenter" width="1639"]
«Қазір бүкіл интернет жалған деген қастандық теориясы желіде таралуда. Бұл күлкілі естіледі, бірақ соншалықты күлкілі емес шығар?», – деп ой тастаған еді материал авторы Кейтлин Тиффани.[caption id="attachment_231059" align="aligncenter" width="1583"]
Уақыт өте келе бұл теория «жаһандық желі жансыз алгоритмдер мен боттардың мекеніне айналып барады, интернет өлген жоқ, ол өліп бара жатыр» деген пікірлер көбейді.Интернеттің жасанды екеніне қатысты 2018 жылы New York Times YouTube-тағы видеолардың көрілімінің манипуляциясына қатысты тергеу жүргізді. Басылым бейнехостингте көрілім санын сататын компанияның иесімен, осындай қызметтердің провайдерлерімен және тұтынушыларымен сөйлесіп, мұндай бизнес өркендеп келеді деген қорытындыға келеді.
Эксперимент ретінде New York Times тілшісі тоғыз компаниядан бейнехостингтегі бейнелер сериясы үшін көру санын сатып алды және тапсырыстардың көпшілігі екі апта ішінде орындалды.Сондай-ақ басылым YouTube-тағы боттардың белсенділігіне байланысты болған инверсия оқиғасын да атап өткен. Кейінірек бұл «өлі интернет» теориясы туралы пікірталастарда тағы бір дәлел болды. [caption id="attachment_231060" align="aligncenter" width="1429"]
Материал авторы аталған мәселелер түзетілмесе, адамзат болашақта «жалған адамдар интернеті, жалған кликтер, жалған веб-сайттар мен жалған компьютерлер әлемінде өмір сүретінін» болжады. Бұл «әлемде» жалғыз нақты нәрсе жарнама болатынын атап өтті.Сонымен қатар 2018 жылы New York Times интернетте жалған контенттің қаншалықты таралғаны туралы тағы бір зерттеу жариялады. Басылым журналистері Devumi деп аталатын америкалық компания танымал сайттарда белсенділікті кең көлемде сататынын анықтады. Devumi Twitter-ге тіркелгендерді сатумен айналысқан: оларды жұлдыздарға, бизнеске және интернетте танымал, ықпалды болғысы келетін кез келген басқа адамдарға ұсынып сатқан. Бұл компанияда 3,5 миллион автоматтандырылған есептік жазба қоры болған. Компания тұтынушыларға 200 миллионнан астам Twitter тіркелушілерін ұсынған. [caption id="attachment_231061" align="aligncenter" width="1070"]
Twitter-дегі спам мен боттар проблемасы Илон Масктің желіні сатып алуымен шешіле бастады. Бизнесмен компанияны сатып алғанға дейін платформадағы боттардың үлесі шамамен 20 пайызы екенін мәлімдеді. Кейінірек Cyabra компаниясы Масктың тапсырысы бойынша зерттеу жүргізіп, Twitter пайдаланушыларының шамамен 11 пайызы спам-шоттар мен боттар деген қорытындыға келді.Ал ЦРУ мен ФБР-да жұмыс істеген және боттардың белсенділігін зерттеген киберқауіпсіздік жөніндегі маман Дэн Вудс Twitter-дегі жалған профильдердің үлесі 80 пайыздан астам екенін айтты. [caption id="attachment_231062" align="aligncenter" width="1225"]
«Тілдік модельдерді әлеуметтік желілерде миллиондаған пікірлерді қалыптастыру және оларды жалған жаңалықтарды, қастандық теорияларын насихаттау немесе сайлауды манипуляциялау үшін пайдалануға болады», – дейді Мэриленд университетінің доценті Том Голдштейн.[caption id="attachment_231063" align="aligncenter" width="1225"]
Қорқынышты болжамдарға қарамастан, өлі интернет теориясын қолдаушылар қатары өсуде. Әзірше, көпшілік тек әзілмен жауап береді. «Әйеліме Amazon-ның көмекшісі Alexa жалған екенін айтыңызшы», – деп әзілдеген екен желі қолданушысы. Әзілдің астарында үлкен қорқыныш та, қауіп те жасырынған сияқты. Сіз қалай ойлайсыз?Біздің Қазнетте де боттардың іздері анық байқалады. Өздерін жұлдыз санайтын, интернеттің қазақ сегментінде «танымал» болғысы келетін тұлғалар да жазылушыларының санын 1, 2, 3 млн деп өсіріп, көпшілік пен жарнама берушілердің алдында тартымды көрінгісі, танымал болғысы келеді. Бұл айла-шарғыларды мамандар жақсы біледі және оны түзету тек сол әлеуметтік желінің талабы мен ережесін қатайтып, сүзгілерді жетілдіру арқылы тазартылуы мүмкін. Ал қолданушылардың цифрлық сауатының жоғары болуы интернетте таралатын әрбір сөздің, мәтіннің мазмұнын дұрыс түсінуге, мұқият талдауға және дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.