Алматы облысында әжесі мен екі немересі өрттен қаза тапты
Алматы облысында әжесі мен екі немересі өрттен қаза тапты
Фото: paryz.kz
1,641
оқылды
7 желтоқсанда Еңбекшіқазақ ауданы Космос ауылында жеке тұрғын үй өртенген. Қызыл жалынға оранған үйде әжесі мен екі кішкентай немересі қайтыс болды, – деп хабарлайды аудан әкімдігі. Өрттен 3 адам қаза тапқан, зардап шеккен 6 адам Есік қаласындағы көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы тұрақты, қауіп жоқ. Өрттің себебі мен материалдық залал анықталып жатыр. ТЖД мәліметінше, өртті сөндіру кезінде 1960 жылы туған әйелдің, 2018 және 2019 жылы туған ұлдардың денесі табылған. Ал әлеуметтік желіде қайтыс болған балалардың анасы, әкесі, атасы, 2022 жылы туған баласы және екі көршісі ауруханаға жатқызылды деп жазылған.