«Атырауда 13 жасар қызды зорлайын деп жатқанда ұсталған ер адам қайтыс болды»: полиция ақпаратқа пікір білдірді
«Атырауда 13 жасар қызды зорлайын деп жатқанда ұсталған ер адам қайтыс болды»: полиция ақпаратқа пікір білдірді
Фото: tengrinews.kz
5,045
оқылды
Әлеуметтік желіде Атырау қаласында 13 жастағы қызды зорламақ болған күдікті ұсталған жерінде ішкі ағзадан қан кетуі салдарынан камерада қайтыс болғаны туралы ақпарат пайда болды. Полицейлер хабарламаға қатысты пікір білдірді. «6 желтоқсанда жасөспірімді зорламақ болған жерінде ұсталған адамның қамауда қайтыс болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Әлеуметтік желі қолданушылары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша жауапты екенін хабарлаймыз. Сондай-ақ, факт бойынша жалған ақпарат таратқан тұлғаларды анықтау жүргізіліп жатыр», – деді полиция өкілдері. Айта кетейік, бұған дейін атыраулық полицейлер 13 жастағы қыз баланы зорламақ болған педофилді ұстағанын хабарлаған болатынбыз.