Алматы облысында кішкентай қызды зорлаған 19 жастағы жігіт тергеу изоляторында асылып қалды

Алматы облысында кішкентай қызды зорлаған 19 жастағы жігіт тергеу изоляторында асылып қалды

Алматы облысында кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікті тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсады, – деп хабарлайды облыстық Полиция департаменті. Ведомствоның мәліметінше, 3 желтоқсанда Талғар ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 3-1-бөлігінде көзделген қылмыс жасады деген күдікпен (кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бұрын сотталған 19 жастағы күдіктіні ұстаған. Ол ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы бойынша қамауға алынған. Ал 5 желтоқсанда сағат 13:55 шамасында күдікті уақытша ұстау изоляторы камерасында асылып қалған. Қайтыс болу дерегі ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлігі бойынша Талғар ауданының соталды тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Қазір барлық қажет сараптама тағайындалған, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.