Астаналық мектеп оқушылары аязға байланысты тағы да қашықтан оқиды
Астаналық мектеп оқушылары аязға байланысты тағы да қашықтан оқиды
Астанада мектеп оқушылары қайтадан қашықтан оқыту форматына көшірілді. 
«8 желтоқсанда ауа райының нашарлауына байланысты бірінші ауысымдағы 0-9-сынып оқушылары қашыққтан оқыту форматына көшуде», – деп хабарлады қалалық білім басқармасынан.
8 желтоқсанда Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5 м/с-ке дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 28-30 градус аяз, күндіз 18-20 градус аяз. Айта кетейік, астаналық мектеп оқушылары соңғы 2 күн бойы дәстүрлі сабақтарын тоқтатқан болатын.