Алматы облысында кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікті тергеу изоляторында өзіне қол жұмсады. Бұл туралы Алматы облысының Полиция департаменті хабарлады. Ведомство мәліметінше, 3 желтоқсанда Талғар ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 3-1-бөлігінде ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") көзделген қылмыс жасады деген күдікпен бұрын сотталған 19 жастағы күдіктіні ұстаған. Ол ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы бойынша қамауға алынған. Ал 5 желтоқсанда сағат 13:55 шамасында күдікті уақытша ұстау изоляторы камерасында асылып қалған. Қайтыс болу дерегі ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлігі бойынша Талғар ауданының соталды тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.