Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады
Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады
Қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды. 8 желтоқсанда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с-ке жетеді. 8 желтоқсанда Павлодар облысының оңтүстігінде тұман түседі. 8 желтоқсан күні күндіз, 9 желтоқсан күні түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қар жауады. 8-9 желтоқсанда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батыс желіне ауысады, таулы аудандарында 15-20 м/с болады. Тараз қаласында 8-9 желтоқсанда кей уақытта тұман түседі.