Петропавлда 2 әйел көмірқышқыл газына уланып қалды
Петропавлда 2 әйел көмірқышқыл газына уланып қалды
Петропавлдағы пәтерден өрт шығып, екі әйел улы газбен уланып ауруханаға түсті.
"Өрт 2022 жылы 7 желтоқсанында орын алды. Пушкин көшесі, 43 үй мекенжайындағы бес қабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірі отқа оранған. Өрт кезінде 25 адам эвакуацияланды. Бес адам өрттен құтқарылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Дәрігерлер зардап шеккендердің екеуінің де жағдайы (1974 және 1942 жылы туылғандар) орташа ауырлық деңгейінде екенін айтты", - деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
https://www.youtube.com/watch?v=BUJvrJUrDrg&feature=emb_title