Алматы облысында күдікті уақытша ұстау изоляторында суицид жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Күдіктінің өз-өзіне қол салғанын Алматы облысының Полиция департаменті растады. «3 желтоқсанда Талғар ауданында полицейлер Қылмыстық кодекстің 121-бабы 3-1-бөлігінде көзделген қылмыс жасады деген күдікке ілінген (кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бұрын сотты болған 19 жастағы күдіктіні ұстады. Ол ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабының тәртібімен уақытша ұстау изоляторына қамалды. Желтоқсанның 5-і күні сағат 13.55 шамасында күдікті изоляторда асылып қалған. Қайтыс болу фактісі ҚР ҚК-ның 105-бабы 1-бөлігі бойынша Талғар ауданының полиция бөлімінде тіркелді», – делінген полицияның ресми хабарламасында. Тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат жариялауға жатпайды.