COVID-19: бір тәулікте науқастар саны тағы да көбейді
COVID-19: бір тәулікте науқастар саны тағы да көбейді
Фото: kaz.zakon.kz
401
оқылды
Өткен бір тәулікте 219 адамнан коронавирус, 18 адамнан пневмония анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 8 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 1 556 адам коронавирустан (–1 348+ және 208 КВИ-), оның ішінде 234 пациент стационарда, 1 322 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: – 8 адамның жағдайы ауыр, – 4 пациенттің жағдайы өте ауыр, – 4 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр. Кеше 175 адамнан коронавирус, 10 адамнан пневмония анықталған еді.