Бала сататындар да, сатып алатындар да азаймай тұр – депутат
Бала сататындар да, сатып алатындар да азаймай тұр – депутат
Фото: life09.kz
495
оқылды
Қазақстанда бала сататындар да, сатып алатындар да азаймай тұр. Бұл туралы мәселені Мәжіліс депутаты, «АMANAT» фракциясының мүшесі Константин Авершин көтерді. Ол Үкімет басшысына бала саудасына тосқауыл қоюдың бірнеше жолын ұсынды. Бұл туралы Aikyn.kz AstanaTV-ға сілтеме жасап хабарлайды. Депутат жаза қаншалықты қатаңдатылса да қылмыстық іс тоқтамай тұрғанын айтады. Айтуынша, заңсыз әрекеттерге тосқауыл қою үшін жаңа туған нәрестелерге Жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) перзентханада беруді ұсынды. Бұл баланың құжатын өзгертіп, екі адам арасындағы келісімшартты болдырмауға мүмкіндік беретінін айтты.
Константин Авершин, Мәжіліс депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі: «Перзентханада балаға Жеке сәйкестендіру нөмірін тағайындау туралы шешімді туғаннан кейін дереу қабылдау керек. Денсаулық сақтау, білім беру, әділет органдары арқылы туған баланы және олардың кейінгі өмірін тіркеудің кросс жүйесін біріктіру. 2015 жылдан бастап перзентханаларда туған нәрестелер санын, берілген туу туралы куәліктердің санын салыстыруды жүргізу. ЭКҰ бөлу, квота санын көбейту жұмысын қадағалау, суррогат ана болу бойынша ЭКО бағдарламасына медициналық көрсеткіштері бар ерлі-зайыптылар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылуы керек», – дейді.
Бұған дейін бала сатып, ұсталғандар туралы жазған болатынбыз.