Мұз ойылып, суға батып кеткен көліктегі әйелдің мәйіті табылмай жатыр

Мұз ойылып, суға батып кеткен көліктегі әйелдің мәйіті табылмай жатыр

Шығыс Қазақстан облысында мұздың үстімен өтіп бара жатқан көлік суға батып кеткен. Көлікте бес адам болған. Төртеуі өз бетінше судан шыққан. Суға батып кеткен бесінші адамның денесі әлі табылмады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 6 желтоқсан күні сағат 19.40-та Самар ауданындағы Бұқтырма су қоймасында 5 адам отырған көлік мұз астына түсіп кеткен. Төртеуі көліктен шығып үлгеріп, 72 жастағы әйел суға батып кеткен.   «Қазіргі уақытта әйелдің денесін іздестіру жалғасып жатыр. Сүңгуірлер 6 рет су астына түсті. Сүңгуірлерге ауаның төмен температурасы мен су астындағы қараңғылық қиындық келтіріп жатыр. Олар әр жерді қолмен сипап, іздеуге мәжбүр», – делінген ресми ақпаратта. Судың тереңдігі – шамамен 20 метр. Онда жеке құрамнан 23 адам мен 7 техника жұмылдырылған.