Қазақстандық боксшы мексикалық "Тайсонды"жеңді"
Қазақстандық боксшы мексикалық "Тайсонды"жеңді"
© Сурет Eye of the Tiger Management сайтынан
148
оқылды
Қазақстандық боксшы Нұрзат Сабыров кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл жолы Канаданың Римуски қаласында ол "Тайсон"лақап атымен танымал 30 жасар мексикалық Рикардо Адриан Лун Флорестен басым түсті. Жартылай ауыр салмақтағы жекпе-жек жоспарланған сегіз раунд бойы жалғасты. Оның қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан Сабыровқа берді. 26 жастағы қазақстандық үшін аталмыш жеңіс 11 жекпе-жекте 11-ші болды (оның тоғызында ол мерзімінен бұрын жеңді). Флорестің қоржынында осымен 22 жеңіс (14 нокаутпен) және бір тең нәтиже және сегіз жеңіліс бар. Айта кетейік, Нұрзат Сабыров BoxRec беделді сайтының мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанның үздік 10 боксшының кірді.