«АрселорМиттал Теміртауда» тағы да апат болып, бір адам қаза тапты

«АрселорМиттал Теміртауда» тағы да апат болып, бір адам қаза тапты

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық зауытының коксхимиялық өндірісінде апат болды. Бір адам қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«8 желтоқсанда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық зауытының коксхимиялық өндірісінде адам өліміне әкелген апат болды. Апаттан 1982 жылы туған қызметкер қаза тапты. Арнайы комиссия құрылды. Оқиғаның себептері анықталуда», – делінген ресми хабарламада.
Бұған дейін «АрселорМиттал Теміртау»  шахтасында апат болып, бес кенші қаза тапқан  болатын.