Жетісу облысында көршісі үш баланы ата-анасымен бірге өртеніп жатқан үйден алып шықты
Жетісу облысында көршісі үш баланы ата-анасымен бірге өртеніп жатқан үйден алып шықты
Жетісу облысының Панфилов ауданында үш бала ата-анасымен бірге жанып жатқан үйден құтқарылды. 2022 жылғы 7 желтоқсанда Жетісу облысы Панфилов ауданының Үлкен Шыған ауылында шамамен 21 сағат 40 минутта жеке тұрғын үй өртенді. Өрт ТЖД қызметкерлерінің күшімен 22 сағат 22 минутта 50 шаршы метр алаңда сөндірілді.
«Өрттің алғашқы куәгері, өртке қарсы қызметке хабарлап, көмек келгенге дейін 2010, 2014 және 2018 жылдары туған үш баланы, ұйықтап жатқан ата-анасын үйден эвакуациялауға көмектесті. Сол сияқты екі газ баллонын үйден шығарып, өртті өз бетінше сөндіруге кірісті. Зардап шеккендер жоқ», – делінген ведомство хабарламасында.
Облыстық ТЖД-ның хабарлауынша, мұндай батыл қадамға Жаркент қаласының 11-ӨСБ өрт сөндірушісі, азаматтық қорғау кіші сержанты Еркебұлан Айтбаев барған. Ол өртке оранған үйдің көршісі болып шықты. Өрттің алдын ала себебі – қатты отынмен жанатын пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау.